Табиғат Катонға керемет көрікті жерлерді сыйға тартқан. Тарих маңызды тарихи нысандырды берген. Уақыт оған әсемдік сыйлап, ал қашықтық Катонның құндылығын арттырды. Салыстырмалы түрде алынған кішкентай аймақта сіз кез келген талғам мен жасқа лайықты істі таба аласыз. Оқушыларға арналған өлкетану экскурсиясынан бастап, экстремалды оқиғаларға дейін бар.
Таңғажайып жартасты, қар басқан тау шыңдары – Мұзтау және Бүркітауыл.
Шулы тау өзендері – Ақ Берел, Бұқтырма, Сарымсақты және т.б. Мүлгіген, көзден таса жалпақ жапырақты орманға жасырынған, жанды баурайтын, балыққа бай Хайрюзов, Маралды, Черновое көлдері бар. Қазақстанның ең шығыс аймағында, батыс жақтанҮкек үстіртінің баурайыммен және де солтүстік жағынан Қатын жотасымен шектелген биік тауда Шангин (Бухтарминское) көлі орналасқан. Сансыз сарқырамалары бар Алтайдағы ең үлкен Көккөл сарқырамасы да осында.
.«Үлкен Берел қорғаны» саналатын ең көлемді және жұмбақ мола кешендерінің бірі 40 қорғанның арасында сақ патшасының жерленгені белгілі. Бұл заманауи Қазақстанның жерінде табылған үшінші«алтын адам».Гранитті жартастарда суық көздерден таса сақ кезеңіндегі көптеген суреттер де бар. Катон арқылы өтетін Ұлы Жібек Жолының солтүстік алтын тармағы туралы көптеген аңыздар жеткен. Рудный кеніші – күтімсіз қалған «ашық аспан астындағы мұражай».
Ең қызықты адамдар – бұл Катондағы туризмнің ең маңызды бөлігі. Жергілікті тұрғындар мен Катон туған үйіне айналған адамдардың көптеген қызықты әңгімелері. Бақытты балалардың күлкісі, қиын жағдайға тап болған саяхатшыларға көрсетілетін риясыз көңіл мен ашық қолдау, жергілікті базардағы жарқын жүзді саудагерлер. Оларсыз, Сіз Катонды ешқашан сезіне алмайсыз…
Катонқарағайда не істеуге болады?
Катондағы туризм енді ғана дами бастады және туризмнің кейбір бағыттары бойынша ұйымдастырушылардың ресурстары шектеулі. Егер сіз қандай да бір қиын әрі қызықты саяхатқа баруды жоспарласаңыз – ұйымдастырушылармен алдын-ала байланысуды ұсынамыз.
Мәдени-танымдық турлар
Подробнее
Жайлы түнеу жағдайлары бар тыныш отбасылық немесе достық сапарларды ұнататындарға Катон 4 күннен 7 күнге дейін негізгі көрікті жерлерге саяхат ұсынылады. Біз осында келуге 4 күннен кем емес мерзімге кеңес береміз. Осы мерзім ішіндеҮлкен Нарын ауылындағы өлкетану мұражайына, Катонқарағай ауылындағы жергілікті өнімдер тұтынылатын базарға, Берел қорған мұражайына баруға үлгере аласыз. Қызықты қонақүйлерде түнеуге және жергілікті тұрғындармен сөйлесуге болады.
Мысалы, «Беловодье» бағыты.
Джип турлары
Подробнее
Жол талғамайтын көлікпен шытырман оқиғаларға қызығушылық танытатын адамдар үшін, қонақүйлерде, базаларда, шатырларда түнеуді немесе түнеудің барлық түрлері пайдаланылған бағыт жасауға болады.Ең танымалы «Көне Австриялық жол» бағыты болып табылады. Әдетте саяхатшылар бұл жолмен Катонға келеді немесе қайтады. Джип турларына біз 6 күннен 10 күнге дейін уақыт бөлуге кеңес береміз.Бұл жағдайда Сіз, Катонның барлық табиғи нысандарын, тарихи көрікті жерлерін толықтай тамашалай аласыз және де көршілес аудандардағы, мысалы, Марқакөл және Зайсан көлдерін көріп, үлгере аласыз.
Мысалы, «Алтай джип-саяхаты» бағыты.
Атпен турлар
Подробнее
Жылқы әуесқойларына Катон жақын маңайдағы төбелерде бірнеше сағаттық қарапайым серуендеуді де, 6 күннен 14 күнге дейін созылатын шытырман оқиғалы серуенді де ұсына алады. Катонқарағай ұлттық саябағында ат туризмі үшін қашықтығы ұзақ, бедері қарапайым және керемет көркем табиғаты бар жерлерді аралауға тамаша жағдайлар жасалған.
Көккөл сарқырамасына атты өткел,бұл-туристер арасындағы ең танымал бағыт. Бірақ, бұл жалғыз ғана қызықты бағыт емес. Мысалы, «Мұзтау баурайында» бағыты. Жекелеген адамдардың тілектерін ескере отырып, ер-тоқымның үстінде сенімді отыратындар үшін ұйымдастырушылар тек танымал соқпақтарды ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар ғана білетін «жабайы табиғат» күрделі бағыттарын қамтитын ат трекингін жасай алады.
Трекинг және хайкинг
Подробнее
Бұл тыныштықты, тынымды және жарастықты жақсы көретіндерге арналған. Ұзақ жеке жорықтарға баруды ұнататындарға Катон сансыз трекинг бағыттарын ұсына алады. Көп физикалық дайындықты (хайкинг) қажет етпейтін және шатырда түнеу қосылмаған ең қарапайым және қолжетімділерден бастап, ұзақтығы 2 күннен 2 аптаға дейін созылатын, қиындық деңгейі жоғары трекингтер де бар. Бірақ, ең қызықтысы Мұзтау тауының шыңына шығу. Бұл биіктіктің төмендігіне қарамайтын өте маңызды бағыт.
Велотурлар
Подробнее
Жаздағы біршама тыныш қозғалыс пен жайлы температура Бұқтырма өзенінің оң жағалауының бойымен велосипедпен шағын саяхатқа шығып, жағалаудағы әдемі жерлерде пикникке тоқтауға мүмкіндік береді. Қонақүйлерде немесе жайлы шатырлы лагерьлерде түнеуге болады.
Ал нағыз велосипед әуесқойлары үшін ең алыстағы табиғи көрікті жерлерді барып көруге арналған жеке бағыттар бар. Қарапайым серуендеу туры үшін 4-5 күн алуға болады. Күрделі велосипед бағыттары үшін орта есеппен 7 күннен 10 күнге дейін уақыт қажет.
Өзен бойымен ағу және рафтинг
Подробнее
Катонда спорттық рафтингке жарамды ірі өзендер көп емес. Бірақ тыныш ағызылулар үшін керемет бағыттар да бар, онда тіпті балаларды да алуға болады. Ең қызығы – осында көптеген құстармен кездесуге болады, өйткені жағалаулардан оларға жақындай алмайсыз, ал судан Катонқарағайдың бай қауырсынды әлемін тамашалауға болады. Көктемдегі долы суды ұнататындар үшін санаттық қиындығы 3 тен 6 - ға дейінгі бағыттар да бар.
Ski tour & backcountry
Подробнее
Қыста Катонда жабайы беткейлерде шаңғы тебуді ұнататындар үшін нағыз жұмақ. Дегенмен,тек бір жердің жағдайы ерекше қолайлы –бұл Рахман қайнарларының аймағы, ол кез келген талғамға арналған бағыттың 20 нұсқасын қамтиды. Біз тауға жалғыз бармай, аймақты жақсы білетін және қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын мамандандырылған гидтерге хабарласуға кеңес береміз.
Бұл Катонның туристерге ұсынатын барлық саяхат түрі емес. Белсенділік түрі әртүрлі аралас бағыттар жиыны бар. Барлығы тек сіздің қиялыңыз және уақытыңызбен шектеледі. Катон тіпті ең талғампаз саяхатшыларды да таң қалдырады.
Балық аулау
Подробнее
Сауықтыру
Подробнее
Шығыс Қазақстаның ғажайып табиғаты сиқырлы қасиеттерге ие: бұл емдік сулар, балшық және радон. Жасыл төбелер, әсем тау шатқалдары, көптеген өзендер, көлдер адамдарға тыныштық пен тыныштық сыйлайды. Альпілік марал альпілік шалғындарда мекендейді; мұнда бірнеше ғасырлар бойы марал шаруашылығы және пантотерапия дамып келеді.
Бұл Катонның туристерге ұсынатын барлық саяхат түрі емес. Белсенділік түрі әртүрлі аралас бағыттар жиыны бар. Барлығы тек сіздің қиялыңыз және уақытыңызбен шектеледі. Катон тіпті ең талғампаз саяхатшыларды да таң қалдырады.